Асхат Аймағамбетов шетел студенттерін жиі тартатын медициналық ЖОО-ны сынға алды

2 529

Фото: sko.agartu.kzМәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов шетелдік түлектерді жиі оқуға тартатын медициналық жоғары оқу орындарының жұмысын сынады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Медициналық жоғары оқу орындарының коммерцияға аса қызығушылығын көріп отырмын, әсіресе өңірлерде. Олардың дені Қазақстанның азаматтары емес. Осы орайда, медициналық жоғары оқу орындары ақша табуды емес, басты миссиясы - еліміз үшін кадрлар даярлау екенін түсінуі керек. Бұл дәстүр басқа да университеттерде байқалады, ойға сыймайтын дүние», - деді Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.


Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмысты өзгертіп, қайта қарау керек.


Одан бөлек, халық қалаулысы МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінің жұмысына тоқталды. А. Аймағамбетов аталған қор жұмысын тиісті қалыпқа келтіріп, халықтың сеніміне кіру қажеттігін айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.