Назарбаев университетіне оқуға түскен жігітті әскерге күштеп алып кетті

2 798

Фото: nu.edu.kzҚорғаныс министрлігі күштеп әскерге әкетілген Назарбаев университетінің студентіне қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Алматы облысы Абай ауылында әскери комиссариат қызметкерлері полициямен бірлесіп, Назарбаев университетіне оқуға түскен жігітті күштеп әскерге әкеткен.


"Әскерден тек колледждер мен жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын студенттері ғана босатылады. Назарбаев университетінің дайындық курстарын да қоса алғанда, басқа дайындық курстары әскери қызметке босату құқығын бермейді, өйткені олар заңмен қарастырылған ресми білім беру бағдарламаларына жатпайды. Аталмыш азаматтың шақырылуы заңды негізде жүзеге асырылды", – делінген министрлік хабарламасында.