Министр Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекпен кездесті
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
11 жыл үздік оқыған түлек – «Алтын белгі» иегері. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.
Осыған дейін Ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-да барлық сұраққа дұрыс жауап бергені туралы жазған едік.
Кейін максималды межеге қол жеткізген түлек Kazinform тілшісіне тестке қалай дайындалғаны туралы айтып берді.
Қаз
Рус






