Президент: "Оқушылардың цифрлық профильдерін жасауды керек"

2 287

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында оқушылардың цифрлық профильдерін жасауды тапсырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


— Онда әр баланың оқу үлгерімі, мықты қырлары мен жетістіктері тіркеледі. Ал бұл, өз кезегінде, университет бағдарламасын оңтайландырып, жоғары оқу орнын мерзімінен бұрын тәмамдауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, жасанды интеллект цифрлық профиль негізінде кәсіптік бағдар жүйесін жасақтайды. Оқушыларға қарым-қабілетіне сай даму жолдары, курстар мен жобаларды таңдау еркіндігі ұсынылуы керек. Бұл болашақ инженерлерді, зерттеушілерді, дәрігерлерді, мұғалімдер мен кәсіпкерлерді алдын ала анықтауға жол ашады. Осылайша, әрбір адам өз қабілетін пайдаланып, өмірден лайықты орнын табады. Үкіметке жаңа ЖИ университетімен интеграцияланған оқушылардың ұлттық цифрлық профильдер жүйесін құруды тапсырамын, — деді Мемлекет басшысы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.