МӘМС пен кепілдендірілген тегін медициналық көмек қызметі біріктірілмек

1 773

Вице-министр Бейбіт Есенбаев елімізде іске асып жатқан екі медициналық қызметтің біріктірілетіні туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Қазір міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және кепілдендірілген тегін медициналық көмек жүйесін біріктіру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жалпы, медициналық ұйымдарды қаржыландыру тәсілдерін медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп өзгертуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде медициналық ұйымдар қызметті қормен жасалған келісімшарттар аясында ұсынады. Кейбір медициналық қызметтер бойынша қаржы жетіспеушілігінен, проблема туындап жатады»,– деді Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, ендігі уақытта қаржы да бір ортадан бөлінеді.


«Осылайша медициналық ұйымдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және кепілдендірілген тегін медициналық көмек жүйесі аясында қаржы алатын болады. Нәтижесінде медициналық қызметтер бойынша қаржы жетіспеушілік қаупі туындамайды», - дейді ол.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.