Қызылшаға шалдыққандар ауруханаға сыймай жатыр

1 922

Ақтөбеде қызылша жұқтырғандар ауруханаға сыймай жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Республикалық бюджеттен 90 млн теңге бөлініп, оған 30 мың вакцина сатып алған. Ақтөбеде ақпан айынан бері 828 пациенттен қызылша анықталған. Қазір ауруханада 81 адам ем алып жатыр. Оның 13-і ересек, қалғаны - балалар. Ең алғаш Түркияда демалып келгендер жұқтырыпты. Дәрігерлердің айтуынша, дерт күннен күнге дендеп бара жатқанымен, аймақта эпиджағдай - тұрақты.  


Облыстық инфекциялық аурухана 75 орынға арналған. Науқас санының көбеюіне байланысты 

"Шағала" шипажайынан тағы 80 орын бөлдік. Жеңіл түрімен ауырғандарды үйіне жіберіп, ал ларингит, бронхит, астмаға айналу қаупі бар пациенттерді ауруханаға жатқыздық. Індеттің басты емі - вакцина қабылдау. 1 жастағылар, кейін 6 жаста ревакцинация жасалады. Қазір 0 жастан -18 жасқа дейін,18 бен 30 және 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері қызылшаға қарсы екпені қосымша алып жатыр, - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы  басшысы Рүстем Исаев.



Республикалық бюджеттен 90 млн теңге бөлініп, оған 30 мың вакцина сатып алған.


Дәрігерлер індет қараша айының ортасында шарықтау шегіне жетіп, кейін саябырлайтынын айтты. Өйткені, екпе екі аптадан кейін әсер етеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.