Дәрігерлері маусымдық аллергияны толық басатын амалды атады

2 107

dzen.ruҰлттық госпиталь жанындағы аллергиялық орталықтың дәрігері Ақерке Бекболатқызы күз мауысына ауысқан аллергияны толықтай тоқтататын амалды айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ұлттық госпитальдың баспасөз қызметі жазғандай, көктем мен жаз мауысымында  асқынатын аллергия қазір кейбір адамдарда күзге ауысқан.


«Аллергия – кең тараған  аурудың бірі. Негізінде,  осы індеттің өршитін үш кезеңі бар. Бірінші кезең сәуірдің ортасынан мамырдың соңына дейін созылады. Бұл уақытта қайың, емен, терек сияқты ағаштар тозаңданады. Екінші кезеңде, яғни маусым-шілде айларында шабындық шөптер гүлдейді. Ал үшінші кезеңде аллергиктерді жусан иісі мазалайды. Барлық науқас түшкіріп, жөтеліп, денесі қызара бөртіп, мұрнынан су ағып, мазасызданады. Бұл бір қарағанда тұмау тиген адамның белгілеріне ұқсайды. Бірақ тұмаумен ауыратын адамдар өздерін әлсіз сезінеді. Ал аллергия кезінде ондай әлсіздік болмайды. Маусымдық  аллергияны емдеудің жалғыз жолы – аллерген-арнайы иммунотерапия», - дейді дәрігер.


Оның айтуынша, сынама арқылы адамның дәл қай шөптерге аллергиясы бар екені анықталады. Аллерген белгілі болған соң, сол шөптермен ем-дом жасалады.


«Бастапқыда денеге аллергендердің төмен дозасы салынады, кейін бірте-бірте мөлшері жоғарылайды. Осылайша ағза жаттығады. Иммунотерапияның арқасында адамның жаңа реакцияларға деген әсері жойылып, аллергендерге деген сезімталдығы азаяды немесе тіпті толықтай жойылады деуге болады. Бұл иммунотерапияның алдында тексеруден өтіп, арнайы сынақтарға қан тапсырып және аллерголог-иммунологтың кеңесін алу қажет. Соның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Жас ерекшелігі бойынша «аллергиялық вакцинация» алты жастан бастап алынады», - дейді дәрігер.