ФРАНЦИЯҒА САПАР ШЕҢБЕРІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА БІРҚАТАР КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ

2 665

Фото: Денсаулық сақтау министрлігіПрезиденттің Франция Республикасына мемлекеттік сапары шеңберінде Қазақстан мен Францияның арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Француз тарапымен кездесулер барысында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, цифрландыру мен телемедицинаны жетілдіру, онкологиялық көмекті жақсарту, инновациялық технологияларды енгізу, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту, тәжірибе алмасу, мамандарды оқыту және т. б. бағыттарда белсенді өзара іс-қимыл белгіленді.

Қазақстандық делегацияның қатысуымен Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің 13-ші отырысында ҚР ДСМ мен Франция Республикасының Денсаулық сақтау және медициналық көмекке қол жеткізу министрлігінің арасындағы денсаулық сақтау және профилактика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы декларацияны, сондай-ақ қазақстандық және француз ұйымдарының арасындағы 12 меморандумды қоса алғанда, бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Сапар шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың Франция Республикасының Денсаулық сақтау және алдын алу министрі Женевьева Дарьёсэк ханыммен екіжақты кездесуі өтті. Тараптар тиімді медициналық персонал арқылы медициналық көмек көрсету сапасын арттыруды, МСАК бойынша елдер коалициясын ілгерілетуді және т. б. қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы қазақстан-француз ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылады.

Сондай-ақ денсаулық сақтау, цифрлық денсаулық сақтау, ғылыми зерттеулер және кадрлық әлеуетті арттыру саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері денсаулық сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстелде қаралды. Сондай-ақ, Кюри институты, Страсбург университеттік ауруханасы, жоғары психомоторлы оңалту институты, Hekia, AFD, C3Medical, Proparco, EHESP және т. б. сияқты француз ұйымдары мен компаниялары қатысты.

Сондай-ақ, қазақстандық делегация Францияның медициналық ұйымдарына барып, В2В форматындағы ұйымдармен және компаниялармен кездесулер өткізді, онда бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді, олардың міндеті халыққа әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуге бағытталған ортақ мақсаттарға қол жеткізу болып табылады.