Қызылордада ауыр босанған әйелге қан құю кезінде "ВИЧ" инфекциясын жұқтырған
Әлеуметтік желіде Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында босанғаннан кейін ауыр жағдайда түскен әйелге 12 донордан қан құйғаны туралы ақпарат тарады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әйелге қан құйылған бір айдан кейін оған АИТВ диагнозы қойылған. Оқиға тіркеліп, денсаулық сақтау министрлігіне жолданғаны айтылды. Алайда ауруды жұқтырған адамға мүлдем шара қолданбаған. Дәрігерлер тергеу жүргізудің орнына, медициналық БАҚ-қа жария етпеу туралы ескерту жасалған. Ең сорақысы, науқасқа ақша ұсынылған деген дерек бар.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылау басқармасына былтыр 11 желтоқсанда сағат 09.50-де В.20 диагнозы бойынша жедел хабарлама түсті. Алғашқы эпидемиологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес жаңа босанған әйелге қан құйылған. Себебі әйел босану кезінде көп қан жоғалтып, 12 донордан қан алуға мәжбүр болған. Алайда 1 айдан соң қан реципиенті ретінде АИТВ-ға (Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы) 14 қарашада 110.2 коды бойынша мамандар қан сынамасы алған.
Мәліметтерге сенсек, ИФА, Genscreen HIV және ИХЛА Архитек әдістерімен тексеріліп, нәтижесінде "күмәнді" нәтиже берген. Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мәліметінше, науқас былтыр 22 қыркүйекте сағат 17:55-те жедел жәрдеммен облыстық перинаталдық орталыққа жүктіліктің 40-аптасында жеткізілген.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл іске қатысты ведомство тексеру жүргіліп жатқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар қызылордалық полиция қылмыстық іс қозғап тергеу жүргізіп жатыр.