Отбасы банкі тіс емдеуге арналған өтінімдерді қабылдауды тоқтатады

2 578

Фото: pixabay.comОтбасы банкі 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап зейнетақы жинақтарының артығын стоматологиялық емге пайдалану бойынша өтінімдерді қабылдауды тоқтатады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Отбасы банкі 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz онлайн платформасында стоматологиялық қызметтерге төлем жасау үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану жөніндегі өтінімдерді қабылдау тоқтатылатынын мәлімдеді.

Ал осы күнге дейін берілген барлық өтінімдер жалпы тәртіппен қаралып, өңделеді.

Қаржы ұйымы зейнетақы жинақтарының артығын стоматологиялық емге пайдалану бойынша өтінімдерді қабылдау қайта басталған жағдайда, бұл туралы қосымша хабарланатынын нақтылады.

Стоматологиялық қызметтер үшін БЗТ-ны пайдалануды жоспарлап отырған азаматтар өтінімдерін 15 қыркүйекке дейін берулері қажет. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.