Шымкентте төрт педофилге химиялық кастрация жасалды

236

Шымкентте 2022 жылы 20 педофилге қатысты үкім шығарылған. Олардың 4-і химиялық кастрация процедурасынан өткен деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап. 


Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Абсаттар Шахидиновтың айтуынша, химиялық кастрация қосымша шара болып табылады. 


"Әдетте химиялық кастрация кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды зорлық немесе зорлауға қатысты істерде тағайындалады. Қателеспесем, бізде 4 рет кастрация жасалды", – деді ол. 

Сот төрағасының айтуынша, барлық істе де зорлық көрсеткендер өз құрбандарымен интернет арқылы танысқан. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.