"Еркектер көбіне жүректен кетеді”

422
Қазақстанда жүректің ишемиялық ауруы салдарынан көз жұматындар саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі сәтте Қазақстанда, сондай-ақ, бар әлемде жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім бірінші орынға шықты. Әсіресе, жүрек ауруынан ер адамдар көп зардап шегеді. Бұл туралы А. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығының кардиология, аритмология және эндоваскулярлық хирургия бөлімінің рентгенохирург дәрігері Бауыржан Орманов мәлімдеді.

Бауыржан Орманов дәрігер болуды бала күніне армандаған. Өйткені, оның ата-анасы да ақ халатты жандар болатын. Бүгінде А. Сызғанов атындағы ғылыми хирургиялық институтта еңбек ететін ол жүрек ауруларына шалдыққандар саны жыл сайын артып жатқанын айтады. "Қазіргі таңда әлемдегі және Қазақстандағы өлім-жітімнің негізгі себебі – қанмен қамтамасыз ету жүйесінің аурулары. Оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы салдарынан өлім-жітім бірінші орында тұр. 


Бұл аурудан көп жағдайда ер адамдар зардап шегеді. Қазақстанда аурудың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан, ХХІ ғасырдың өткен жылдарында 2,4 есеге артты. 2001 жылғы 6775-тен 2017 жылы 100 мыңға өсті. Жүрек аурулары туралы жалпы айтатын болсақ, жас көрсеткіш емес. Себебі, балалар да жүрек патологияларынан зардап шегеді. Мысалы, туа біткен жүрек ақаулары, кардиопатия және тағы да басқа дерттер балаларда кездесіп жатыр. Біздің орталықта жүрекше аралық қалқаның ақауы, қарынша аралық қалқаның ақауы, ашық артериялық өзек, туа біткен ангиодипслазия сиқты туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға ота жасалады", - дейді дәрігер. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.