Бірыңғай дистрибьютор Қызылордаға дәрілік заттардың 91% жеткізіп берді

2 527

Фото: canva.comБиыл Қызылорда облысындағы 60 медицина ұйымына 1067 атаулы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алу жоспарланған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«СҚ-Фармация» ЖШС Қызылорда облысы өкілдігінің хабарлауынша, оның сомасы — 10,85 млрд теңге. Сондай-ақ 1,9 млрд теңгеге қосымша өтінім берілген.

- Бірыңғай дистрибьютор мен 60 медициналық ұйым арасындағы қосымша өтінімдерді ескере отырып, 991 атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды 11,7 млрд теңгеге жеткізу жөнінде келісімшарттар жасалған. Бүгінгі күнге дейін бірыңғай дистрибьютор 10,7 млрд теңгеге дәрілік заттарды жеткізіп берді. Бұл - жоспарланған қаржының 91%-ы, - деді өкілдік басшысы Айжан Еділова.

Жыл басында медициналық ұйымдарда 2024 жылдан қалған 308 атаудағы дәрілік заттар мен бұйымдардың құны 416,20 млн теңге тұратын қоры тіркелген.

- Бүгінгі күні халық 9,4 млрд теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілген. Облыстың медицина ұйымдарында 208,6 млн теңгенің препараттары бар, - деді «СК-Фармация» өкілі.