Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 5 миллионнан асты
270
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 5 миллион адамға жетті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, дүйсенбі таңындағы жағдайға сәйкес, әлемде коронавирустан қайтыс болған адамдар саны 5 миллион адамнан асып жығылған. Тіркелген өлім жағдайларының жартысына жуығы табысы орташадан жоғары немесе жоғары, ғаламшар тұрғындарының сегізден бір бөлігі тұрып жатқан елдер үлесінде (АҚШ, ЕО елдері, Бразилия). АҚШ-тың бір өзінде қауіпті вирустан 740 мыңнан астам адам қайтыс болған.
Сарапшылар коронавирус 1950 жылдан бері болып жатқан барлық әлемдік жанжалдармен бірдей адам өмірін қиып әкетті, адам өлімінің жүрек-қантамыр аурулары мен инсульттан кейінгі үшінші басты себебіне айналды деп санайды.
Бұл ретте ғалымдар 5 млн – нақты саннан әлдеқайда төмен екеніне сенімді, себебі індеттен қайтыс болғандардың барлығы бірдей коронавирусқа тест тапсырған жоқ. Ал медициналық көмексіз үйінде көз жұмғандар сол күйінде тіркелмей қалған.
Пандемия басталғалы 22 айдың ішінде ауруға шалдығу ошақтары да ауысып отырған. Қазіргі кезде вирус әсіресе, вакциналауға қарсы теріс ақпарат тарап, халқы билік көздеріне сенімсіздік танытқан Ресей, Украина және Шығыс Еуропаның басқа елдерінде тез таралып жатыр.