Қазақстандықтар омикрон штамын жеңді

325
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі коронавирусын жұқтырған науқастардың саны азайғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

ДСМ басшысы омикрон штамын жұқтырғандар саны қысқа мерзім ішінде ғана артқанын атап өтті. Ол шамамен бір айға созылған - биыл 11 қаңтардан 9 ақпанға дейін.

"Бұл халықтың ұжымдық иммунитетіне байланысты болып отыр. Бірақ ауру әлі де таралуы мүмкін. Менің ойымша, вирус ретінде омикрон штамын жеңдік", - деп түсіндірді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ажар Ғиният бүгінде еліміздің барлық өңірі "жасыл" аймақта екенін еске салды.


"Бұл COVID-19 таралуын болдырмау үшін қабылданған шаралардың тиімділігіне байланысты болып отыр. Сонымен қатар, әлемде омикрон штамын жұқтырғандар саны артып жатыр. Бірқатар елде ол екі айдан аса уақытқа, кейбір елде үш айға созылады", - деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.