Елімізде қандай ауруға шалдыққандарға тегін дәрі-дәрмек берілмек?
613
Қазақстанда тегін дәрілер белгілі бір ауру түрлеріне шалдыққандарға берілмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Тегін берілетін дәрілерді тек белгілі бір ауру түрлеріне шалдыққандар ғана ала алады.
Олар:
- Қан айналым жүйесі аурулары;
- Ас қорыту жүйесінің аурулары;
- Қан, қан айналым органдарының аурулары және иммундық жүйеге қатысты ақауы;
- Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасу процесіндегі өзгерістер;
- Сүйек-бұлшық ет жүйесінің және дәнекер тін аурулары;
- Жүйке жүйесінің аурулары;
- Мінез-құлық және психика жүйесіндегі ауытқулар;
- Жұқпалы және паразиттік аурулардың кей түрлері;
- Ісіктер;
- Тыныс алу органдарында кездесетін аурулар;
- Ағзалар мен тін ауыстыру операциясынан кейін;
- Несеп-жыныс жолдарында кездесетін аурулармен ауыратын науқастар.
Сонымен қатар 18 жасқа толмаған қант диабетіне шалдыққан жасөспірімдер де инсулиндік помпа мен оған арналған резервуар, инфузиялық жиынтықпен тегін қамтамасыз етіледі.
Ал қант диабетімен ауыратын науқастарға қалам-шприцке арналған ине, инсулинге арналған таңбаланған бір реттік шприц пен қандағы глюкоза мөлшерін анықтайтын тест жолақтар мен нәжістегі кетондық денелерге арналған тест жолақшалары тегін беріледі.
Айта кетейік, дәрі-дәрмекті айына бір реттен артық алуға болмайды. Сонымен қатар, дәрі саны емдеу курсына байланысты болады.
Емдеу курсы ұзақ болған жағдайда дәрі-дәрімек үш айға есептеп беріледі
Науқастардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жұмыс жасайтын дәріханадан тегін дәрі алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін рецепт пен жеке куәлігін көрсетуі керек, - дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров.