АҚШ-тың штаттарында бетперде тақпауға рұқсат етілді

393
АҚШ-тың Техас және Миссисипи штаттарының билігі бетперде тағу режимін тоқтатты. Мейрамханалар мен басқа мекемелерде, сондай-ақ кәсіпорындарда адам санына байланысты лимитте алынып тасталды. Техас губернаторы Грег Эбботт вакцинациялаудан кейін осындай шешім шығарғанын айтқан.  «Бетперде тағу талаптары мен пандемияға байланысты қабылданған басқа да қауіпсіздік шараларын тоқтату керек», - деді ол. Алайда, егер штаттағы ауруханаларда адам көбейсе, онда шектеулер қайтарылуы әбден мүмкін. Тек губернатор мұндай жағдайда бетперде режимін бұзғаны үшін айыппұл салынбайтынына уәде берді. Миссисипи басшысы Тейт Ривз де осындай шешім шығарды. Ол «Твиттер» желісінде тергеу изоляторларында бетперде тағу міндетін алып тастау туралы жазды. Сонымен қатар коронавирусты жұқтырғандар санының азаюына байланысты кәсіпкерлерге толық және шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат берді.