Балқаш көлінде су деңгейі көтерілді
25 сәуір қарсаңында министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева жыл басынан бері Балқаш көліндегі су деңгейі 15 см-ге артқанын: 1 қаңтардағы судың орташа деңгейі 159 см-ге, ал 1 сәуірге қарай бұл көрсеткіш 174 см-ге жеткенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Балқаштағы су деңгейінің күрт өсуі көлге тасқын судың жіберілуіне байланысты екен.
Ал, Іле өзеніндегі судың үлкен көлемі, Қазақстан мен Қытайдағы су тасқынынан пайда болды.
Министрлік Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін төрт гидропостта бақылау жүргізіліп жатқанын атап өтті:
- судың ең жоғары деңгейі Сарышаған су бекетінде - 210 см;
- ең төменгі су деңгейі Қарақұм су бекетінде орнатылған - 140 см;
- Балқаш гидропостындағы су деңгейі - 177 см;
- Мыңарал су бекетінде - 167 см.