Елімізде жалпы ішкі өнім 5,1% өскен

2 545

Фото: https://egemen.kz/Нақты мәнде жалпы ішкі өнім алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1% өсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алдын ала дерек бойынша 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда өндірілген ЖІӨ көлемі 120,5 трлн теңгені құраған. 


Ең жоғары өсім көрсеткен салалар:

  • Құрылыс — 13,3%
  • Көтерме және бөлшек сауда; автомобиль мен мотоцикл жөндеу — 11,3% 
  • Ақпарат және байланыс — 7,5%
  • Көлік және қойма — 7,1%
  • Тұру және тамақтану қызметтерін ұсыну — 5,4%
  • Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 4,6%


Есепті дерек бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ 2023 жылы 13 276,7 АҚШ долларын құраған.