Қазақстанда 2030 жылға қарай су ресурстарының тапшылығы болу мүмкін
559
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов: 2030 жылға қарай елімізде өзендер ағыны 99,4 текше метрге дейін төмендейтінін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«Бүгінде бүкіл әлем жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты сын-қатерлерге тап болып отыр. Қазақстанда су ресурстары трансшекаралық жағдайға тәуелді және ел аумағында су ресурстары біркелкі бөлінбеген. Сонымен қатар жаһандық жылыну мәселесі бар. Бұның бәрі алдымен су ресурстарының тапшылығына алып келеді. Өзен ағысының көпжылдық динамикасы көрсетіп отырғандай, жергілікті және трансшекаралық су ағынын азайту, жалпы су ресурстарының азаюына әкеліп отыр. Егер 2000 жылы өзеннің орташа көпжылдық ағымы 120 текше метрді құраса, қазір шамамен – 102 текше метр», - деді Серік Қожаниязов елордада өтіп жатқан «ECOJER» ІІ халықаралық экологиялық конгресте.
Оның айтуынша, су ресурстарының азаюы климаттық өзгерістер мен антропогендік факторларға байланысты.
Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «ECOJER» ІІ халықаралық экологиялық конгресі өтіп жатыр. Аталған шараға сала мамандарымен қатар, құзырлы органдар өкілдері қатысуда.

«Соңғы жарты ғасырда температураның өсуіне байланысты мұздықтардың тозуы байқалады. Су ресурстарының азаюы және халық, экономика мен экологияның қажеттіліктері үшін суға деген сұраныстың өсуі жағдайында Қазақстанда 2030 жылға қарай оның тапшылығы 23 текше метрді құрауы мүмкін. Бұл көрсеткіш халықтың жыл сайынғы тұтынуымен салыстырылады», - дейді ол.