Айбек Дәдебаев президенті ісі басқарушысының орынбасары болып тағайындалды

423

Фото: Ақорда прессҚасым-Жомарт Тоқаев президент ісі басқарушысының орынбасарын тағайындады.


"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың ресми сайтында. 
Еске салсақ, бұған дейін президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Президенттік жастар кадрлық резервіне екінші іріктеу басталғанын мәлімдеп, ондағы жаңа талаптарды жария еткенін жазған болатынбыз.


 "Резервке екінші іріктеуге 35 жасқа дейінгі, жоғары білімі бар және еңбек өтілі 5 жылдан кем болмайтын жастар қатыса алады. Сондай-ақ, жаңа іріктеу шеңберінде үміткерлердің мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде меңгергені туралы сертификаттың болуы туралы талап енгізілді", - деді президентің көмекшісі.


 Одан бөлек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі ресми парақшасында ел президенті қол қойған заңдарға түсіндірмені жариялағанын жазған едік. 


Сонымен қатар, мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Сансызбайұлы Қыстафин Қазақстанның Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалғанын жазған болатынбыз.


 Сондай-ақ Мемлекет басшысының жарлығымен Алексей Юрьевич Волков Қазақстанның Грекиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.