Парламент 18 минутта Назарбаев туралы заңның күшін жойды
452
Парламент Елбасы туралы құжаттың күшін жоятын Конституциялық заңды қабылдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңның күшін жоюға депутаттар бірауыздан дауыс берді.
Конституциялық реформа – елдегі билік тармақтарының институттарын құрудағы және қоғамда демократияны қалыптастырудағы тәуелсіздіктің 30 жылындағы үлкен қадам. Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес, баптың 4-тармағы Конституцияның 46-бабында тұңғыш президент Елбасының мәртебесі мен өкілеттігі конституциямен және конституциялық заңмен айқындалады деген норма көзделген. Демократиялық плюралистік бағытты ұстана отырып, Қазақстанның терең саяси трансформациясы кезеңінде жеке адамның билікті тартып алуына ықпал ететін кез келген тетіктерді жоққа шығару қажет. Сондықтан, халықтың басым көпшілігінің пікірін ескерген мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын ұсынды, - дейді мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.