Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

296

Фото: Ақорда пресс"Бүгін мемлекеттік қызметші күні. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет ететін азаматтарды осы мерекемен құттықтаймын! Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыруға сіздердің әрқайсыңыз үлес қосады деп сенемін", – деп жазды президент Twitter желісінде.


 Айта кетейік, елімізде мемлекеттік қызметшілердің жұмысына жаңашылдық енгізілмек. Енді олар келісімшарт бойынша жұмыс істей алады. Жобаның бағытына байланысты әр саладан мамандар тартылады.


 "Кез келген мемлекеттік органда жүзеге асырылатын нақты жоба бар. Ол үшін саланы білетін маман қажет. Мемлекеттік қызметкерлер арасында мұндай адамдар әрдайым бола бермейді, сондықтан бұл адамдар келісімшарт бойынша жалданады. Оларға жобаға сәйкес бөлек жалақы қойылады. Жоба жүзеге асырылғанға дейін жұмыс істейді", – дейді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.