Президент қазақ-қырғыз шекарасында сауда-логистикалық кешен салу туралы заңға қол қойды

2 154

Фото: twesco.orgМемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кешен «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері жанында орналасады және өндірістік алаңдардан, тауарлар мен жабдықтарды сақтауға арналған қоймалардан, сондай-ақ көлік инфрақұрылымынан тұрады.

Мұнда сүт, ет, жидек-көкөніс, тоқыма және фармацевтика өнімдерін өндіру сияқты кооперациялық жобаларды іске асыруға жағдай жасалмақ.

Индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау Қазақстан-Қырғызстан арасындағы сауда және экономикалық байланыстарды нығайтуға әсер етеді және тауар айналымын $3 млрд дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.