Президенттің өкімімен жаңа тағайындаулар: кеңесші, көмекші және хатшы лауазымдарына өзгерістер енгізілді

1 573

Фото: АқордаПрезиденттің өкімімен Марат Әшім Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының жарлығымен Қуанышбек Есекеев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, — делінген хабарламада.

Ал бұған дейін президенттің кеңесшісі болған Руслан Желдібай енді көмекші қызметін атқарады. Сонымен қатар Желдібай мемлекет басшысының баспасөз хатшысы қызметін де қатар атқарады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.