Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізілді

439

Мемлекет басшысы "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстанның заңына қол қойды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Заңға сәйкес, Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізілді. Бұл жәрдемақыны бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтар ала алады.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов бүгінгі таңда бірінші топтағы 66 мың мүгедектің әрбір үшінші адамға не күтім бойынша жәрдемақы, не жеке көмекшінің қызметі берілмейтінін айтқан болатын.


Олардың арасында комада жатқан науқастар, төсек тартып жатқан мүгедектер бар. Күтім бойынша жәрдемақы сыртқы күтімді қажет ететін қосымша 24 мың адамды қамтиды.


Сондай-ақ түзетулер мүгедектік тобы бойынша балаларды градациялауды енгізеді. Ол жәрдемақы мөлшерін өсу бағытында қайта қарайды, шара 3 мыңға жуық адамға әсер етеді.


Заң сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын кеңейту мүмкіндігін қарастырады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.