Тоқаев Қапшағай қаласын Қонаев деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды

499
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласының атын Қонаев деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген Ақордадағы хабарламада. 

Айта кетейік, Қазақстан халқына жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгерту туралы ұсынысқа қарсы емес екенін айтқан еді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.