ҰҚК Нұрлан Мәсімовті қалай құрықтағаны жайында ақпарат берді
761

Ол кеше жалған құжат жасатып, шекарадан өтпек болған жерінен ұсталды.
«Ресей арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті анықталды. Қазақстан және Ресей азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталды», – делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бір топ адамның ішінде өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша Полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов бар екені анықталды. Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Н.Мәсімовті ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлеріне берді.
«Қажетті тексерулер мен сұрақ алу іс-шараларынан кейін құзыреті бойынша іздестірудің бастамашысы болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді»,– делінген хабарламада.
Нұрлан Мәсімов – ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.