Қызылордада полицейлер ұрыны қолға түсірді

2 513

Фото: Қызылорда ПДҚызылордалық полицейлер ұрыны қолға түсірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Полиция қызметкерлері іздестіру шаралары барысында екі ай ішінде пәтер ұрлықтарын ашты. Қызылорда қаласының 6 тұрғыны үйлерінен зергерлік бұйымдардың ұрланғандығы жөнінде полицияға арызданған.4 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Ұры терезе арқылы облыс тұрғындарының үйлеріне заңсыз кіріп, алтын бұйымдарды жымқырған. Тергеу барысында полиция күдіктінің жасаған іс-әрекеттерін толығымен дәлелдеді.


Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды. Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде сотталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.