Қызылордада жылқылар белгісіз дерттен қырылып жатыр

2 504

Фото:© Opennews.kz/ЖИҚызылорда облысында екі ауданның шаруалары жылқымыз белгісіз дерттен қырылып жатыр деп дабыл қағуда.- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Айтуларынша, жайылымда жүрген түліктеріне шілдеде белгісіз кесел жабысқан. Салдарынан басы ісіп, жағы қарысып жем-шөп шайнай алмай қалған. Тіпті 1 жұтым су ішуі мұң дейді.

"Қарны тартылып, шөп жей алмай қалады. Аузына шөп тістеп алып жүреді де қояды. Миы жұмыс істемейді ма? Білмейді, бет алды кезіп жүре береді. 5 күн, бір аптаның аралығында, 4-5 күннің аралығында өліп қалып жатыр. Менен 5-6 бас кетті", - дейді Сырдария ауданының тұрғыны Амандық Қиясов.

Шаруалар белгісіз кеселден жайылымда үйір-үйір жылқымыз арам қатып жатыр деп шырылдайды. Алайда оның санын есептеп, аурудың нақты емін айтып жатқан маман жоқ деп күйінеді. Ал ветеринарлар ахуал тұрақты деп отыр.

"Бұл жөнінде біз облыстық ветеринариялық зертханаға ауырған малдардың қан сарысуларын алып зерттеуге жолдадық. Енді біз зерттеу қортындысын күтуіміз керек, қазіргі таңда. Өзіміз трипаносомоз деп айтып жатырмыз. Су ауруы деп болжап. Біз алдын ала егіп, қазір эпизотиялық ахуал тұрақты", - дейді Сырдария аудандық ветеринарлық станциясының директоры Нұрлыбек Дәулетбаев.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.