ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

1 500

ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан алдағы жылу беру маусымына дайындық барысын пысықтау мақсатында Жаңақорған кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. 

Алдымен көмір тасымалдаушы оператор – «BEST» ЖШС-нің қатты отын қорымен танысты. Қазіргі таңда кәсіпорын қоймасына 1,1 мың тонна көмір жеткізілген.

Алдағы жылу беру маусымында аудан тұрғындарының қажеттілігін өтеу үшін 10 мың тонна көмір қажет. Бүгінде көмір операторы бекітілген кестеге сәйкес қатты отын қорын толықтыру жұмыстарын жүргізуде.

Аудан басшысы тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударып, жауапты аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Сүлейменовке көмір бағасын тұрғындарға алдын ала ашық түрде жариялауды, сондай-ақ қатты отынның белгіленген бағадан негізсіз қымбаттауына жол бермеуді тапсырды.

Бұдан бөлек, аудандық аурухананың жылыту маусымына дайындығын тексеріп, жылу жүйелерінің әзірлігін және жүргізіліп жатқан жұмыстарды қарады.

Сонымен қатар, білім беру нысандарының, оның ішінде 125 мектептің алдағы жылу беру маусымына дайындығы пысықталды.

Аралау қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы аяқтап, әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.