Қызылордада студенттерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

1 500

Қызылорда Ашық университетінде Қызылорда облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің және 200 студенттің қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған кездесу ұйымдастырылды.

Басты мақсат – жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және студенттердің заң талаптары жөніндегі сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері буллинг пен кибербуллинг, жыныстық қол сұғылмаушылық, топтық төбелес, бұзақылық, суық қару алып жүру, есірткі қылмыстары, лудомания, вандализм және интернет-алаяқтық тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, заң талаптарын орындау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және әр азаматтың өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауы қажеттігі түсіндірілді.

Жиын соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен тиісті жауаптар мен құқықтық кеңестер алды.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жалғасын табады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.