Мәжіліс депутаттары Шиелі ауданындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асуымен танысты
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетов жұмыс сапарымен Шиелі ауданына келді. Сапар барысында олар партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев және партияның аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздықпен бірге аудан аумағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алдымен делегация «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автодәлізі бойынан салынып жатқан газ құю бекеті мен сервистік қызмет көрсету кешенінің құрылыс алаңына барды. Аталған жобаны «Эко Энерджи Плюс» ЖШС жүзеге асыруда. Жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын кешен іске қосылғанда 27 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Мемлекеттік қолдау ретінде жобаға Тұран ауылдық округі аумағынан 2 гектар жер телімі табысталған.
Сапар барысында халық қалаулылары Еңбекші ауылдық округі аумағында салынып жатқан қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясының жұмысымен де танысты. 80 гектар жерді алып жатқан нысанды China Huadian Corporation Ltd компаниясы салып жатыр. Жалпы құны – 11,5 млрд теңге. Жоба үш кезеңнен тұрады: жол және қоршау құрылысы, күн панельдері және қосалқы станция. Қазіргі таңда алғашқы екі кезең аяқталып, үшінші кезең жұмыстары жүргізілуде. Осы күнге дейін жоба аясында 55 жергілікті тұрғын жұмысқа тартылған. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов: