ОБЛЫС ӘКІМІ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

2 687

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіБүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Байқоңыр қаласының басшысы Константин Бусыгинмен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аймақ басшысы қаланы бірлесіп дамытудағы Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдары арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Кездесуде «Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығын атап өту жоспары талқыланды. Облыс әкімдігі мерейтойға қатысты іс-шаралар жоспарын бірлесіп пысықтауда.

Бұдан бөлек, кездесуде Байқоңыр қаласындағы  инфрақұрылымдық жобалар талқыланды. Атап айтқанда,  қаланың Бас жоспары, қаланы дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы аясындағы  сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін жаңғырту және  бес тұрғын үйдің құрылыс барысы қаралды.  

Өз кезегінде Байқоңыр қаласының басшысы бірлесіп атқарылатын жұмыстар одан әрі де жоспарға сәйкес іске асырылатынын айтты.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.