Германия саяхатшылары Қазақстан жолдарындағы жемқорлық жайлы әлемге жар салды

318
Лаура мен Ульрих есімді ерлі-зайыптылар жер шарын айналып шығу үшін саяхатқа шықққан. Олар көлік таңдауда ортақ шешімге келіп, ресейлік "УАЗ-452-ні" тізгіндеді. 

Facebook әлеуметтік желісіндегі Deutsche Welle парақшасында ұсынылған ақпаратқа сенсек, неміс туристері бүкіл Еуразия құрлыға арқылы Америка Құрама Штаттарын айналып, әлемнің жартысын тамашалап үлгеріпті. 
Дегенмен де, ерлі-зайыптылар сапардың өз ауыртпалықтары болып жатқанын жасырмады. 
Туристердің сөзінше, мысалы оларды Қазақстанда жол полициясы бірнеше рет тоқтатып, түрлі сылтаулармен пара беруді талап еткен. 

"Біз олардан неліктен тоқтаттыңыздар деп сұрағанымызда, олар біздің кетіп бара жатқанымызды көрсетті. Иә, мен басқалалар сияқты жол жүріп бара жатырмын. Және саудаласуға тура келді. Олар бізден оң мың теңге сұрады, ол уақытта ауырбас бағанының қандай болғаны әлі есімже. Соңынды саудала алдық", - деді Ульрих журналистерге. 

Қазақстанның ішкі істер министрлігі туристердің сөзіне қатысты пікір білдірген. Ведомство Лаура мен Ульрихтің 2019 жылдың жазында елімізге келгенін, бірақ содан кейін олардан полицияға ешқандай мәлімдеме келмегенін хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік департаменті қазірдің өзінде саяхатшылардың өтініштері бойынша тексеру жүргізіп жатқандығы нақтыланды. 

"Азаматтарға ішкі істер органдарының қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы барлық фактілер жедел түрде 1402 телефон нөміріне немесе "Police 102" қосымшасына хабарласу керек", - ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Оразалие