Қызылордада республикалық ақындар айтысы өтті

2 720

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіҚызылордадағы "Өнер орталығында" облыс әкімінің қолдауымен өткен "Адал еңбек – ел ырысы" атты Қызылорда және Алматы облысы ақындарының  республикалық командалық айтысы қорытындыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Жұмысшы мамандықтар жылына"  орай еңбек құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған өнер додасында айтыскерлер түре, сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысы бойынша, жыр, терме, дәстүрлі ән және күй жанрларында сынға түсті.

Түре айтыста алматылық Жәмәли Айбын мен қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан сөз бәсекесін қыздырды.

Дәстүрлі ән жанрында Бейсенбек Төлеубай мен Ұлжан Ағлақова әуелете ән шырқаса,  термешілер Ербақ Құрметжанұлы мен Күнсұлу Түрікпен текті өнердің төресін танытты.

Қайым айтыста  Мұхтар Ниязов қарсыласқа қиын ұйқас ұсынып, сөзден тосылмаған қос жүйрік елдің шынайы ықыласына бөленді.

Аламан айтыс шамамен 6 сағатқа созылды. Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанып,  республикалық командалық айтыстың ақтық кезеңіне  жолдама алды.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.