«80-100 пайызға жетеміз» - министр қантпен ішкі қамту жайлы сенсациялық болжам айтты

2 102

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

 Елімізде қантпен ішкі қамту 80-100 пайызға жеткізіледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.


"Бұрын қант қызылшасынан 10 пайызға жуық (еліміздегі ішкі сұраныстың – ред.) қант өндіретінбіз. Былтыр қант қызылшасының шығымы рекордтық көрсеткіш көрсетіп, 1,3 млн тоннаға жетті. Қазір 21 пайызға қантты (тағы да ішкі сұраныстың көлемін айтып отыр – ред.) өзіміз өндіріп отырмыз, 128 мың тонна қант шығарылды. Жалпы бізде зауыттар ескі. Төрт зауытымыз бар. Үшеуі қант қызылшасын, біреуі қант құрағымен жұмыс істейді. Үшеуінің биыл жүктемесі өте ауыр болды. Шынын айту керек, қант қызылшасының шығымы соншалықты болады деп ешкім ойлаған жоқ. Кезінде шаруашылықтар «соншама қант қызылшасын шығармайды» деп айтушы еді. Үкімет бөлген қаражаттың, технологияның арқасында осыншама өнім шықты.", — деді ол Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.