Қазақстанда ядролық физика мамандығына бөлінетін грант саны артады

2 353

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: 24.kzЕліміздің жоғары оқу орындары біртіндеп ядролық физика мамандығына бөлінетін грант санын көбейтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24KZ сайтына сілтеме жасап.

 Атом электр стансысына қажетті мамандарды 15 жылдан бері дайындайтын Еуразия ұлттық университетінің 1200-дей түлегі ұлттық ядролық орталық пен диагностикалық-медициналық мекемелерде еңбек етіп жүр. Биылғы жаңа оқу жылында 71 студент қабылдаған кафедрада ядролық физика бағыты бойынша 310 ізденуші білім алып жүр. 

Тәлім алушылар салалық оқытушылар және ғылым докторларымен бірге Қазақстанның энергетикасын дамыту жобаларын талқылады. Жиында Атом электр стансысын салу және қажетті мамандармен қамту мәселелері қаралды. Байытылған ураннан қуат алуды үздік меңгерген шәкірттер шетелге тағылымдамаға жіберіледі. Сондай-ақ Курчатов пен Алматыдағы ғылыми орталықтар студенттерге тәжірибе алаңы ретінде ұсынылады.

Айсұлу Нығманова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедрасының аға оқытушысы: - Тек қана ядролық физика емес, соңғы уақытта медициналық физика бағытында наноматериалдар және нанотехнологиялар мамандықтары бойынша бакалавр, магистрант және докторанттар дайындалады. Айта кететін жайт, ядролық физика мамандығының басқалардан өзгешелігі, 5 жыл оқытылады. 4 жыл бойы ең жоғарғы білім көрсеткіші бар жақсы оқитын студенттер соңғы курста Дубна қаласына барып білім шыңдайды. Яғни қос дипломды білім беру бағдарламасы қалыптасқан.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.