Ұстаздар 1472 нөмірі арқылы көмек ала алды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстанда педагогтерге арналған 1472 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Енді мұғалімдер кәсіби қызметіне қатысты сұрақтар мен құқықтық мәселелер бойынша осы нөмірге хабарласып, көмек ала алады.
Орталық үш деңгейлі жүйе бойынша жұмыс істейді. Педагогтердің күнделікті сұрақтарына 15 минут ішінде жауап беріледі. Күрделі мәселелер министрліктің салалық мамандарымен бірлесіп, 1 жұмыс күні ішінде қаралады. Ал басқа мемлекеттік органдардың қатысуын қажет ететін өтініштер 1 ай көлемінде қарастырылмақ.
Бастаманың мақсаты – мұғалімдердің мәселесін жедел тыңдау, құқықтарын қорғау және министрлік пен педагогтер арасындағы байланысты нығайту.
Қаз
Рус






