Ұстаздар 1472 нөмірі арқылы көмек ала алды

2 508

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстанда педагогтерге арналған 1472 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Енді мұғалімдер кәсіби қызметіне қатысты сұрақтар мен құқықтық мәселелер бойынша осы нөмірге хабарласып, көмек ала алады.

Орталық үш деңгейлі жүйе бойынша жұмыс істейді. Педагогтердің күнделікті сұрақтарына 15 минут ішінде жауап беріледі. Күрделі мәселелер министрліктің салалық мамандарымен бірлесіп, 1 жұмыс күні ішінде қаралады. Ал басқа мемлекеттік органдардың қатысуын қажет ететін өтініштер 1 ай көлемінде қарастырылмақ.

Бастаманың мақсаты – мұғалімдердің мәселесін жедел тыңдау, құқықтарын қорғау және министрлік пен педагогтер арасындағы байланысты нығайту.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.