Елімізде балалалар арасында қызылша дерті көбеюде

2 164

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанда жеті жүзге жуық оқушы қызылша дертін жұқтырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Денсаулық сақтау министрлігіндегілер жағдай қатаң бақылауда екенін айтты. Ауырған балалар оқшауланған.


Қызылша дертіне қарсы екпе егуге болмайтын балалар да есепке алынып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер тиісті шаралар қолданып жатыр. Күннің салқындауына байланысты тұмау жұқтырғандар да көбейіп келеді. Мысалы, жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққандар саны өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 14% көп.


"Жіті респираторлық вирустық инфекцияның және тұмаудың маусымы басталды. Ол жыл сайын 1 қазаннан басталады. Қазіргі кезде тұмауға қарсы вакцинация жүріп жатыр. Кешегі күнге 300 мыңнан астам адам егілді", – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.