Шығыс Қазақстан ВИЧ жұқтырғандар көрсеткіші бойынша елде көш бастап тұр

2 582

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comБірнеше жыл қатарынан Шығыс Қазақстан облысы адамның иммун тапшылығы вирусымен (ВИЧ) ауырғандар саны бойынша елде бірінші орында қалып отыр. Қазіргі уақытта өңірде осы диагнозбен 3 мыңнан астам адам есепте тұр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Салтанат Фатихова хабарлады.

– Бұрын ВИЧ негізінен есірткі тұтынушылар арасында таралса, қазір жұқтырудың 60 пайызы жыныстық жолмен берілген. Бұл гетеросексуалды және гомосексуалды қатынастарға да қатысты, – деді ол.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда облыстағы науқастардың 92 пайызы антиретровирустық терапия қабылдап жүр. Бұл емдеу тәсілі ауруды бақылауда ұстап, оның өмір сапасын сақтауға және қоғамға бейімделуіне мүмкіндік береді.

– Қазір ВИЧ жұқтырған адамдар толыққанды өмір сүріп, отбасын құрып, бала тәрбиелеуде, – дейді Салтанат Фатихова.

Орталықтың емдеу бөлімінің меңгерушісі Наталья Оралбаеваның айтуынша, соңғы жылдары аналардан нәрестелерге инфекцияның берілу жағдайлары тіркелмеген.

– Биыл ВИЧ жұқтырған аналардан 25 сәби дүниеге келді. Олардың ешқайсысынан инфекция анықталған жоқ. Балалар бір жарым жыл бойы дәрігер бақылауында болады. Соңғы бірнеше жылда бізде ВИЧ жұқтырған нәрестелер тіркелмеген, – деді ол.

Мамандар бұл көрсеткішті антивирустық терапияның тиімді жүргізілуімен және профилактикалық шаралардың күшеюімен байланыстырады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.