Тоқаев NVIDIA басшысына ерекше ұсынысы үшін желіде алғыс айтты

2 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:  Пресс-службаКүні кеше Ақордада өткен кездесуде Дженсен Хуанг Қазақстанның "AI-ұлтқа" айналу бағытын қолдап, елімізді әлемдік Physical AI орталығы ету бастамасын көтерген болатын, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі президенті Дженсен Хуангпен нәтижелі кездесу өткізіп, жасанды интеллект мәселелерін талқылағаны үшін алғыс білдірді. Бұл туралы президент өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Ақордада жасанды интеллектіні дамыту және оны Қазақстан экономикасында, әсіресе ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану мәселелерін нәтижелі талқылағанымыз үшін Дженсен Хуангке ризашылығымды білдіремін. Сіздің идеяларыңыз бен кеңестеріңіздің біз үшін практикалық маңызы өте зор", – делінген жазбада.

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада NVIDIA президенті Дженсен Хуангті қабылдаған болатын.

Кездесу барысында NVIDIA басшысы жаңа индустриялық революцияның бастауында президент белгілеген Қазақстанды "AI-ұлтқа" – жасанды интеллектіні дамыту мен жаппай енгізуге бағдарланған мемлекетке айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады. Сонымен қатар Дженсен Хуанг Қазақстанды жаһандық Physical AI хабына айналдыруды ұсынды.

Ол сондай-ақ соңғы бір жыл ішінде NVIDIA мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық аясында айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін айтып, отандық технологиялық компаниялармен байланыстың нығаюына ерекше тоқталды.

NVIDIA – 1993 жылы негізі қаланған, графикалық процессорлар (GPU) мен есептеуіш үдеткіштер жасау саласындағы әлемдік көшбасшы саналатын америкалық технологиялық компания.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.