Байқоңырда тәртіп бұзған сотталғандар түзеу мекемесіне ауыстырылды

1 501

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚАЖД“Қауіпсіз үй”республикалық профилактикалық шарасы аясында Байқоңырда жаза өтеу тәртібін бұзған сотталғандар түзеу мекемесіне жіберілді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азамат бас бостандығын шектеу жазасын өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін түзеу мекемесіне жіберілді.

Атап айтқанда, Байқоңыр қалалық сотының үкімімен ұрлық жасағаны үшін үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған С. есімді азамат есепке алынғаннан кейін небәрі төрт ай ішінде бірнеше рет тәртіп бұзған. Оған жазбаша ескертулер берілгеніне қарамастан, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын екі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сәйкес, бас бостандығын шектеу жазасын өтеу кезінде қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жасау жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзу болып саналады.

Осыған байланысты Байқоңыр қалалық пробация қызметі сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа ұсыным жолдады.

Сот қаулысымен С. есімді азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бір жыл жеті ай мерзімі дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.