Әнші Роза Әлқожа су жаңа Land Cruiser 300 көлігін тізгіндеді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Танымал әнші Роза Әлқожа шетелдегі демалысынан оралған бойда су жаңа Toyota Land Cruiser 300 көлігін тізгіндеген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен қуанышын бөлісті.
Әншінің айтуынша, бұған дейін көлігі жолда бұзылып қалып, көпшіліктің талқысына түскен. Кейін аяқ астынан сатып алушы табылып, бірнеше жыл мінген көлігін сатқан. Алайда үйреншікті көлігін қимай, көңілі босап қалғанын да жасырмады.
Өнер иесі жаңа көлік алғанына шүкіршілік етіп, қуанышына ортақтасқан жандарға ізгі тілегін арнады.
Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жаңа көлігінің құтты болуын тілеп, ақжарма лебіздерін білдірді.
Қаз
Рус






