Әнші Роза Әлқожа су жаңа Land Cruiser 300 көлігін тізгіндеді

2 508

Фото: Instagram.com/roza_alqozhaТанымал әнші Роза Әлқожа шетелдегі демалысынан оралған бойда су жаңа Toyota Land Cruiser 300 көлігін тізгіндеген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен қуанышын бөлісті.

Әншінің айтуынша, бұған дейін көлігі жолда бұзылып қалып, көпшіліктің талқысына түскен. Кейін аяқ астынан сатып алушы табылып, бірнеше жыл мінген көлігін сатқан. Алайда үйреншікті көлігін қимай, көңілі босап қалғанын да жасырмады.

“Өткенде көлігім жолда бұзылып, біраз сөзге қалып едім. Оны да алғаныма біраз жыл болыпты. Аяқ астынан аларман келген екен, қайырлысы деп беріп жібердім. Өзім Тайландта жүріп, көлігімді қимай, біртүрлі мұңайып қалдым”, – деп жазды әнші.

Өнер иесі жаңа көлік алғанына шүкіршілік етіп, қуанышына ортақтасқан жандарға ізгі тілегін арнады.

“Дәрежені беретін Құдай. Деңгейіне тең көрмейтін пенделер бар шығар, Тәңірге тосын сый түк емес! Көк не бұйырады, бәрін де қабылдадым! Toyota Центр Жетысу ұжымына мың алғыс! Құтты болсын деп қойыңыз, жұғысты болсын сізге де!” – деді Роза Әлқожа.

Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жаңа көлігінің құтты болуын тілеп, ақжарма лебіздерін білдірді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.