Ақтауда жағажайда 5 жасар бүлдіршін қас-көздің арасында суға батып кеткен

383

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comАқтауда бес жасар қыз бала суға кетіп, көз жұмды. Оқыс жағдай халық арасында "солдат жағажайы" деп аталатын жерде болған.


Теңізге түсуге ата-анасымен барған кішкентай бала қас-көздің арасында суға түсіп тұншығып қалған. Жедел жәрдем келгенше көз жұмыпты.


Өйткені бұл жағажайда арнайы құтқару жасағы жоқ екен, тіпті шомылуға арнайы жабдықталмаған. 


Қайғылы жағдайдың қалай болғаны анықталып жатыр. 


"Приморский шағын ауданында Ақтау қаласындағы "Солдатский пляж" жағалауынан баланың денесі куәгерлермен судан шығарылды. Ол 27 маусым күні суға шомылу кезінде жабдықталмаған жерде суға батып кетті", - дейді Маңғыстау облысы ТЖД басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.