Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай мерекелік қабылдау өтті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы бөлімінің басшысы Дәмелі Бердешова, Жалағаш кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Құлмахан Қожатай, сала ардагері Шегебаев Айтбай орман шаруашылығы саласы қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, табиғи ортаның тұтастығын сақтау, экологиялық және ресурстық әлеуетті тұрақтандыру, жан-жануарларын қорғау, орман көлемін ұлғайту жолында атқарып жүрген ерен еңбектері үшін ризашылықтарын білдірді.
Мерекелік қабылдау барысында сала ардагерлері мен қызметкерлеріне арнайы алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, Жалағаш ауданында 769,5 мың гектар орман қорын күтіп-ұстауға 68 жұмысшылар қызмет етуде. Олардың тынымсыз еңбегінің арқасында ауданның орманмен қамтылған жерлердің аумағы биыл 258 мың гектарға жетті.
Қаз
Рус






