Фотостудияда 4 жасар қыздың үстіне 80 кг айна құлаған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматыдағы фотостудияда отбасылық фотоға түсуге келген кезде 4 жасар қыздыың үстіне үлкен айна құлаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Анасы Сарбиназдың айтуынша, бала моральдық және физикалық азап шекті. Ол фотостудия өкілдерінің кінәларын мойындамай, кінәдан жалтарғандарына наразы. Сондай-ақ іс тоқтап қала ма деп алаңдайды.
Алматылық Сарбиназ 25 қазанда “Еtage15” атты фотостудияға күйеуі, 4 және 1,5 жасар қызымен келген.
Қызды жедел жәрдем алып кеткен. Оның беті мен қабағы қатты кесілген, миы шайқалған. Әйел фотостудия басшылығының әрекетіне наразы. Сөзінше, ондағы ер адам дөрекілік танытып, әйелдің өзін кінәлаған.
Сөзінше, фотостудия тарапы кешірім сұрап, хабарға да шықпаған. Енді ана іс аяқсыз қала ма деп қорқады.
Қаз
Рус






