Ауыр қылмысқа қатысы бар 29 күдікті ұсталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Елдің 10 өңірінде арнайы операция ұйымдастырылып, ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 29 адам ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан 25 қару, 2 граната және 236 оқ-дәрі тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы шараны Ішкі істер министрлігімен бірлесе және прокуратураның үйлестіруімен өткізді. Алда да қылмыспен күрес қарқын алады.
Қаз
Рус






